Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң «Жалын» республикалық әдеби-көркем журналы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 303 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Жалын» республикалық әдеби-көркем журналы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Жалын» журналы» жауапкершілiк шектеулi серiктестiгi (бұдан әрi - Серіктестік) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) «Жалын» журналын шығару, әдеби дәстүрлердi сақтау және дамыту Серіктестік қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгілей отырып, оның жарғысын бекiтсiн;
2) әділет органдарында оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетіне Серiктестіктің мемлекеттік қатысу үлесiне иелiк ету және пайдалану құқығын берсiн;
4) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзілсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
«Алматы қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-99-жолмен толықтырылсын:
«123-99 »Жалын» журналы» ЖШС»;
3) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiне» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-24-жолмен толықтырылсын:
«224-24 »Жалын» журналы» ЖШС».
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |