“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1660 қаулысына толықтыру енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 221 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1332 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетiн дамыту, мүдделерiн бiлдiру үшiн қажеттi ұйымдастыру-құқықтық жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1660 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 47, 559-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу ставкаларында:

1-тармақтың 3) тармақшасындағы "олардың филиалдары мен өкілдiктерiнен" деген сөздерден кейiн ", республикалық және өңiрлiк ұлттық-мәдени қоғамдық бiрлестiктер филиалдарынан" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Д. Ахметов