“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1289 қаулысына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 179 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

4-тармақтың 2) тармақшасының жетiншi және сегiзiншi абзацтары алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов