Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы № 158 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөнiндегі кеңестiң құрамында:

 

      "Мыңбаев              - Қазақстан Республикасы
      Сауат Мұхаметбайұлы     Премьер-Министрінің орынбасары"

 

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

      "Мыңбаев              - Қазақстан Республикасы
      Сауат Мұхаметбайұлы     Премьер-Министрінің орынбасары -
                              Қазақстан Республикасының
                              Индустрия және сауда министрi";

көрсетiлген құрамнан Марченко Григорий Александрович шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов