(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. N 1388; 27.03.04 ж. N 371; 10.04.04 ж. N 402;
13.04.04 ж. N 409; 14.05.04 ж. N 541; 24.05.04 ж. N 574; 25.05.04 ж. N
583; 15.06.04 ж. N 653; 23.06.04 ж. N 694; 21.06.04 ж. N 684-1; 30.07.04
ж. N 806; 02.08.04 ж. N 813; 11.08.04 ж. N 837; 12.08.04 ж. N 847;
19.08.04 ж. N 870; 14.10.04 ж. N 1051; 19.10.04 ж. N 1076; 30.11.04 ж. N
1242; 10.12.04 ж. N 1299; 2004.24.12. N 1366 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 9 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. N 694 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. 1-қосымшаға сәйкес:
кiрiстер бойынша - 847 823 861 мың теңге сомасында;
алынған ресми трансферттер бойынша - 69 870 048 мың теңге;
кредиттердi қайтару бойынша - 16 612 646 мың теңге;
шығындар бойынша - 977 897 923 мың теңге;
кредиттер бойынша - 49 071 632 мың теңге;
республикалық бюджет тапшылығының шектi мөлшерi - 92663000 мың теңге, немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң болжамды көлемiне 1,8 процент болатын 2004 жылға арналған республикалық бюджет атқаруға қабылдансын.
2. Қoca берiлiп отырған 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған 2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк даму бағдарламаларының тiзбесi бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi:
1) 2004 жылғы 17 ақпанға дейiнгi мерзiмде "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 926 қаулысына мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен инвестициялық жобалар тiзбелерiн нақтылау бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
Демо – версия документа