(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 03.09.02 Ж. № 962 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң кейбiр мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 3 қыркүйектегі N 962 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.02.03 ж. N 144; 01.04.03 ж. N 314; 30.09.03 ж. N 1004;
24.06.04 ж. N 695 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылған редакция
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. N 314 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды
2. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" реттiк нөмiрi 3-жолында:
"885" деген сан "1125" деген санмен ауыстырылсын;
4) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) Салық комитетi 382
6) Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитет 44";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың аумақтық органдар қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 1-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 2-жолда:
1) тармақшада "3951" деген сан "3872" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi 226
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi 108229.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi құрылсын.
4. Мыналардың:
Демо – версия документа