АНЫҚТАМА ҚР 25.04.01 Ж. № 178-II ЗАҢЫ
Қазақстанның Даму Банкі туралы Қазақстан Республикасының
2001 ж. 25 сәуірдегі N 178-II
Заңы
(ҚР 16.05.03 ж. N 416-11; 11.06.03 ж. N 434-11; 10.07.03 ж. N 483-II
Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 6 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 16.05.03 ж. N 416-11 Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi
Қазақстанның Даму Банкi (бұдан әрі - Даму Банкі) мемлекеттің қатысуы 100 процент болатын жабық акционерлік қоғам болып табылады.
ҚР 11.06.03 ж. N 434-11 Заңымен 2-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу
1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары Даму Банкiне осы Заңда реттелмеген бөлiгінде қолданылады.
3. Даму Банкiнiң инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, агенттiң функциясын орындауының лимиттерi, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Даму Банкiнiң Кредит саясаты туралы меморандумында (бұдан әрi - Меморандум) белгiленедi.
ҚР 11.06.03 ж. N 434-11 Заңымен 3-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
3-бап. Даму Банкінің мақсаттары мен мiндеттері
Демо – версия документа