(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 31 шілдедегі N 1165 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.04.01 ж. N 490; 03.04.02 ж. N 397; 29.08.03 ж. N 887;
13.04.04 ж. N 413 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 30 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын тиімді үйлестіру және жүзеге асыру, жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан консультативтік-кеңесші орган ретінде Жастар ісі жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңестің Ережесі және Құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 31 шілдедегі N 1165
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Жастар ісі жөніндегі кеңес туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді, Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңес өз қызметін мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ қызметі Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін халықаралық және басқа мемлекеттердің өзге де ұйымдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
Редакция документа
Демо – версия документа