(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІ (ЕРЕКШЕ БӨЛІМ)
ҚР 09.07.03 ж. N 482-11 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 742-баптың редакциясы
ҚР 29.03.00 ж. N 42-II; 13.03.03 ж. N 394-II Заңдарына сәйкес 742-бап өзгерді
742-бап. Клиенттiң ақшасын алу кезектiлiгi
1. Клиенттiң банктегi ақшасы клиентке қойылған барлық талапты қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi болған жағдайда, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ақшаны алу клиенттiң немесе өзге тұлғалардың өкiмдерi түсу ретiне қарай (күнтiзбелiк кезектiлiк) жүзеге асырылады.
2. Клиенттiң банктегi ақшасы клиентке қойылған кезектi талапты қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда банк сомасы аталған талапты қанағаттандыруға жеткiлiктi, клиенттің пайдасына түсетiн ақшаны жинақтайды. Клиентке бiрнеше талап қойылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, банк клиенттiң ақшасын мынадай кезектiлiк бойынша алуды жүргiзедi:
Редакция документа
Демо – версия документа