(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Мемлекеттiк органдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне
тексерулер жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы N 572 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. N 364; 16.06.04 ж. N 661 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 28 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кәсiпкерлердiң мүдделерiн қорғау мен бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексерулердi жүргiзудi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Мемлекеттiк органдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексерулер жүргiзу ережесi бекiтілсiн.
ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. N 364; 16.06.04 ж. N 661 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн хабардар ету мақсатында жыл сайын бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың толық тiзбесiн мерзiмдi баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.
3. Бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жарты жылдың қорытындылары бойынша 20 қаңтарға және 20 шiлдеге шағын бизнестi қолдау жөнiндегi уәкiлеттi органға мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, тексерiлетiн объектiлерде бұзушылықтардың неғұрлым көп тараған түрлерiн көрсете отырып, жүргiзiлген тексерулер туралы ақпарат берсiн.
4. Бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) тексерулер жүргiзу тәртiбiн көздейтiн өздерiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулымен бекiтiлетiн Ережеге сәйкес келтірсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003 жылғы 17 маусымдағы N 572
Демо – версия документа