(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы
қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.08.03 ж. N 828; 30.09.03 ж. N 1002; 20.03.04 ж. N 364;
29.05.04 ж. N 599;11.08.04 ж. N 840 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 28 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру мен республикалық бюджеттің кіріс бөлігін толтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 19.08.03 ж. N 828 (бұрынғы ред. қара); 30.09.03 ж. N 1002;29.05.04 ж. N 599; 11.08.04 ж. N 840 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дамудың орташа мерзімді жоспарларына сәйкес акцияларға, оның ішінде акциялардың мемлекеттік пакетінде дивидендтердің есептелуін жүзеге асырады және оларды акционерлерге, оның ішінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысы анықтайтын мерзімдерде, не бірден бір акционер ретінде шешім қабылдау құқығы бар мемлекеттік органның шешімімен республикалық бюджетке аударады;
2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетiлген стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғам мен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген мерзiмдi баспасөз басылымдарын, теле-, радиобағдарламаларды шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғамдар таза кiрiстiң 10 (он) пайызын дивидендтердi төлеуге жұмсайды;
Демо – версия документа