(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 26.02.03 Ж. № 205 ҚАУЛЫСЫ
2003 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алудың кейбiр мәселелерi
және Мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау бойынша көрсетiлетiн
қызметтердi мемлекеттік сатып алу ережесi мен Мемлекеттiк астық
ресурстарының орнын ауыстыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 26 ақпандағы N 205 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.08.03 ж. N 863 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 26.09.03 ж. N 985 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн жаңалау және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 26.08.03 ж. N 863 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерден 2003 жылғы егiннiң бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары астығын мемлекеттiк сатып алу көлемi 5 500 000 000 (бec миллиард бес жүз миллион) теңге сомасына 405722 (төрт жүз бес мың жеті жүз жиырма екi) тоннаға дейiнгi көлемде белгiленсiн, бұл ретте:
1) 2003 жылғы 25 шiлдеге дейiнгi мерзiмде көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы:
Редакция документа
Демо – версия документа