Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялаудың

кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы

17 шілдедегі N 794 қаулысы (ҚР Үкіметінің

11.08.04 ж. N 842 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 24 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған мыналар бекiтiлсiн:

1) Қазақстан Республикасында қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлерді жасау және жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары;

ҚР Үкіметінің 11.08.04 ж. N 842 қаулысымен 2- тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) кемелерге, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз және өзен порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктілiк талаптары;

3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 шiлдедегi

N 794 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасында қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн

қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлерді

жасау және жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын

бiлiктiлiк талаптары

1. Қазақстан Республикасында қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1) нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес өндiрiстiк алаңдар, сондай-ақ жабдықтар, құрал-саймандар, өлшеу құралдары, айнымайтын бақылау және ақаутанығыш аспаптар, вагондарды және/немесе контейнерлердi әрi олардың тораптарын қабылдап алу жүйелерi;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку