(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық
маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi және
облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар
қала) әкiмi орынбасарларының шектi саны туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 21 шілдедегі N 985 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 05.03.02 ж. N 275; 13.12.02 ж. N 1311;
31.01.03 ж. N 115; 14.03.03 ж. N 246; 25.07.03 ж. N 747;
06.08.03 ж. N 784 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 9 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi белгiленсiн және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi орынбасарларының шектi саны анықталсын.
2. 2-қосымшаға сәйкес аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi белгiленсiн және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi орынбасарларының шектi саны анықталсын.
3. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерiне республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi санының қолданылып жүрген нормативтерiн басшылыққа ала отырып, әкiмияттардың қызметкерлерi санының нормативтерiн әзiрлеу ұсынылсын.
4. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 21 шілдедегі
N 985 қаулысына
1-қосымша
Демо – версия документа