(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау
туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 30 желтоқсандағы
N 339-I Заңы
(22.02.02 ж. N 297-11; 13.12.04 ж. N 11-III ҚР Заңдарымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң ның аумағында азаматтық, қызметтік, жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың айналымы кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді және азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған орта объектілерін, ресурстарды күзетуге, қылмысқа және қарудың заңсыз таратылуына қарсы күресте халықаралық ықпалдастықты дамытуға бағытталған.
Осы Заңның ережелері оқ-дәрінің (патрондардың) айналымына да қолданылады.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) қару - конструкциялық жағынан алғанда тірі немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгі беруге арналған құрылғылар мен заттар;
2) атыс қаруы - оқ дәрі немесе өзге де заряд қуатының әсері нәтижесінде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қару;
Редакция документа
Демо – версия документа