Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия туралы Қазақстан

Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 3578 өкiмi

(ҚР Президентiнiң 15.07.99 ж. N 58; 04.06.01 ж. N 215;

15.11.02 ж. N 358 өкiмдерімен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Президентінің 28.08.03 ж. N 404 өкімімен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Мемлекеттiк нышандарды насихаттау жөнiндегi қызметтi жандандыру, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес оларды қолдану практикасын реттеу мақсатында:

1. Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия құрылсын (қосымшаға сәйкес құрамда).

2. Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы лауазымы бойынша Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссияның төрағасы болып табылады деп белгiленсiн.

4. Республикалық комиссия төрағасы Ә.Кекiлбаев осы өкiмнен туындайтын барлық қажеттi шараларды қолданатын болсын.

Қазақстан Республикасының

Президентi Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президентiнiң

1997 жылғы 2 шiлдедегi N 3578 өкiмiмен

бекiтiлген

Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi

республикалық комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия (бұдан былай - Комиссия) мемлекеттiк нышандарды насихаттау, оларды "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес қолдану практикасын зерделеу мен қорыту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы лауазымы бойынша комиссия төрағасы болып табылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку