Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы Қазақстан

Республикасының 1997 ж. 19 маусымдағы N 131-1 Заңы

(ҚР 10.07.98 ж. N 283-1 26.07.99 ж. N 458-1 29.11.99 ж.

N 488-1 30.01.01 ж. N 154-II 02.03.01 ж.

N 162-II 24.12.01 ж. N 276-II 10.07.02 ж. N

341-II; 13.03.03 ж. N 395-II; 13.10.03 ж. N 487-II

Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

I-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау (4 - 10 баптар)
3-тарау. Шағын кәсiпкерлiктi қаржыландыру (11 - 12 баптар)
4-тарау. Шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы (13 - 15 баптар)
5-тарау. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн (16 бап)
кепiлдiктер
6-тарау. Қорытынды ережелер (17 бап)

Осы Заң шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау саласындағы қатынастарды реттейдi.

I-тарау. Жалпы ережелер

ҚР 26.07.99 ж. N 458-1; 10.07.02 ж. N 341-II; 13.10.03 ж. N 487-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді

1-бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

инновациялық қызмет - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жаңа өнiм өндiру немесе өндiрiлетiн өнiмнiң сапасын жақсартып, шығынын азайту, оны өндiру әдiстерiн жетiлдiру мақсатымен ғылыми бiлiм мен жаңа технологияларды пайдалануға бағытталған қызметi;

шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы - өз iсiн ұйымдастыруға жәрдемдесудi, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етудi, шағын кәсiпкерлiктi материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен коммерциялық негiзде қамтамасыз етуге жәрдем көрсетудi қоса алғанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жұмыс iстеуi мен дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететiн, құрылатын немесе пайдаланылатын ұйымдар кешенi;

ойын бизнесi - құмар ойындарды және (немесе) бәс тiгу шараларын табыс табу мақсатымен ұйымдастырып, өткiзуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет;

шоу-бизнес - эстрадалық ойын-сауық қойылымдар, сахналық көрiнiстер ұйымдастыру;

венчурлiк фирмалар - ғылымды көп қажет ететiн прогресшiл технологиялар мен өнiмдердi әзiрлеу мен игерудi жүзеге асыратын инновациялық қызмет субъектiлерi;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку