Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1996 Ж. 24 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 54-I ЗАҢЫ

Валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының

1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 54-I Заңы

(ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 09.07.98 ж. N 277-1;

16.07.99 ж. N 431-1; 30.01.01 ж. N 154-II; 08.05.03 ж. N 411-II;

16.05.03 ж. N 416-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР 2003 ж. 16 мамырдағы N 416-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



Бұрынғы редакцияларды қара

Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағындағы валюталық операцияларды жүзеге асыру принциптерi мен тәртiбiн, валюталық операциялар субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, валюта заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi айқындайды.

I-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

ҚР 11.07.97 ж. N 154-I Заңымен 1-бап өзгертiлдi; ҚР 30.01.01 ж. N 154-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда

1-бап. Қазақстан Республикасының валюта заңдары

Қазақстан Республикасының валюта заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнен және валюталық реттеу органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

ҚР 30.01.01 ж. N 154-II Заңымен 1-1 баппен толықтырылды; ҚР 08.05.03 ж. N 411-II Заңымен 1-1 бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) валюталық реттеу - уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың (валюталық реттеу органдарының) елдiң төлем балансын нығайту, ұлттық валютаның тұрақтылығын, iшкi валюта рыногын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операциялар жүргiзу тәртiбiн белгiлеу және оның сақталуын бақылау жөнiндегi қызметi;

2) валюта - мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылдаған ақша бiрлiгi немесе банкноттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма-қол және аударым нысандарындағы құнының ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражат;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку