Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1995 ЖЫЛҒЫ 26 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 2732 ЗАҢЫ

2004 жылғы 11 маусымдағы N 562-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 3-баптың редакциясы

ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 3-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 3-бап өзгертілді

3-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн мемлекеттiк реттеу

1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен басқа, мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудің ерекшелiктерi мемлекеттiк мекемелер үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар Кеңесi (Директорат) жүзеге асырады.

4. Қызметін реттеу мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген ұйымдардың бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

5. Уәкілетті орган:

1) бухгалтерлiк есепке алудың стандарттары мен оларға әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және бекітеді, Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку