(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 07.04.95 Ж. № 2170 ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ...ЖАРЛЫҒЫ
Тауар биржалары туралы 1995 жылғы 7 сәуірдегі N 2170 Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы
(ҚР 02.06.97 ж. N 115-I; 10.07.03 ж. N 483-II
Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасында тауар биржаларын құрудың, олардың жұмыс iстеуiнiң, биржалық сауда жүргiзудiң және тауар биржалары қызметiн мемлекеттiк реттеудiң ортақ құқықтық негiздерiн белгiлеу мақсатында осы Жарлықты шығарамын:
I бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Тауар биржасының ұғымы
1. Биржалық сауданың белгiлеген тәртiбi бойынша белгiлi бiр жерде және белгiлi бiр уақытта ұдайы көпшiлiк сауда өткiзу арқылы биржалық тауарлардың көтерме саудасы жөнiндегi ұйымдастыру және реттеу қызметiн жүзеге асыратын, кез келген меншiк нысандарына негiзделген заңды ұйым тауар биржасы /текст бойынша бұдан былай биржа/ болып табылады.
2. Биржа - қызметтер көрсетуден алған табыстары оның шығыстарын өтеуге, биржа мен биржалық инфрақұрылымды ақпараттық-техникалық және әлеуметтiк дамытуға пайдаланатын субъект.
2-бап. Тауар биржасының аясы
1. Биржа өзiне берiлген биржалық лицензияның негiзiнде биржалық тауарлармен көтерме сауда жүргiзуге тiкелей байланысты ұйымдастыру және реттеу қызметiн жүзеге асырады.
2. Биржалардың биржалық саудаға тiкелей байланысты емес сауда, сауда-делдалдық және кез келген басқадай қызметтердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
3-бап. Биржалық тауар
1. Биржа белгiленген тәртiппен биржалық саудаға жiберген, айналымнан алынып тасталмаған белгiлi бiр тектес және сападағы тауар, соның iшiнде аталған тауардың экспортына рұқсаты /квотасы мен лицензиясы/, стандартты контрактi мен коносаментi биржалық тауар болып табылады.
2. Биржа көпшiлiк саудаға шығаратын биржалық тауар нормативтiк құжаттама мен қолданылып жүрген стандарттардың талаптарына сай келуге тиiс.
Демо – версия документа