(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 21 СӘУРДЕГІ № 445 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгі Мұрағаттар мен құжаттаманы
басқару жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 445 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1130 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Мемлекеттiк мекемелер:
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Орталық мемлекеттік мұрағаты;
2) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетiнiң Орталық мемлекеттiк кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты;
3) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағаты;
4) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетiнiң Мемлекеттiк мұрағаттардағы құжаттық материалдардың шағын фотокөшiрмелерiн жасау және қалпына келтiру орталық зертханасы;
5) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Құжаттану және мұрағат iсi жөнiндегi ғылыми-техникалық ақпарат орталығы құрылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) көрсетiлген мемлекеттік мекемелердiң жарғыларын бекiтудi және олардың әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
Демо – версия документа