(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың
2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру
жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 6 ақпандағы N 149 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2004.24.12. N 1375 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 28 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1268 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары және мүдделi ұйымдар (келiсiм бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) жылына екi рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 10-күнiне Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi жылына екi рет, eceпті жарты жылдықтан кейiнгi айдың 25-күнiне Қазақстан Республикасының Үкiметiне және бағдарламалар бойынша уәкiлеттi органға Ic-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы есептi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2004 жылғы 6 ақпандағы
N 149 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және
Демо – версия документа