(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдеріне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 27 тамыздағы N 872 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. N 1180; 24.11.03 ж. N 1172
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 27 тамыздағы
N 872 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешімдеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгiзу туралы
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. N 1180 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "Министрлiктiң" деген сөзден кейiн "облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлiмшелерi және" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың 3) тармақшасындағы "баспасөз бен басқа да" деген сөздер алынып тасталсын;
11-тармақта:
1) тармақшадағы "және конфессиялық" деген сөздер алынып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын, оның iшiнде шетел аудиториясына арналғандарды да есепке алуды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3) және 18-4) тармақшалармен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа