Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 12 МАМЫРДАҒЫ № 442 ҚАУЛЫСЫ

"Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi

мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 442 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 15.11.04 ж. N 1201 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы N 1237 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 15.11.04 ж. N 1201 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуымен негізделген мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiктерiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Қоғамды құруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң рұқсатын алуды;

2) Қоғамның жарғылық капиталын 2003 жылғы республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қалыптастыруды;

3) Қоғамның Жарғысын бекiтудi және оның әділет органдарында мемлекеттiк тіркелуiн;

4) Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне берудi;

5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар бекiтiлсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің

2003 жылғы 12 мамырдағы N 442

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку