(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНДА МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫ БАР ..
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2003 жылғы 02 сәуірдегі
N 135 бұйрығымен бекітілді
Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік
емес заңды тұлғалардың қызметі тиімділігінің негізгі
көрсеткіштерін анықтау
ЕРЕЖЕСІ
Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Жалпы ережелер
Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленді және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалар қызметінің негізгі көрсеткіштерін анықтайды.
2. Орташа мәнді есептеу
Орташа мән (ОМ) - шоттар (бөлімшелер, бөлімдер) бойынша қалдық мәндерінің сомасын бөлуден алынған айналым балансын осы мәндердің санына бөлуден алынған бөлінді ретінде есептеледі:
n
Е(интеграл) Хi
- i=1
Х = -----------------
n
-
Мұндағы: x - орташа мән;
Хі - Шоттардың үлгі жоспарының шоттар (бөлімшелер, бөлімдер) бойынша
талданатын қалдықтарының мәні;
n - талданатын мәндердің саны.
3. Шартты белгілер
1. Осы ережелерде мынадай белгілер пайдаланылады:
1) Е(интеграл)КтСальдо(...) - көрсетілген айналым балансы шоттарының, бөлімшелерінің, бөлімдерінің кредит сальдоларының сомасы;
2) Е(интеграл)ДтСальдо(...) - көрсетілген айналым балансы шоттарының, бөлімшелерінің, бөлімдерінің дебет сальдоларының сомасы;
3) Е(интеграл)КтАйн(...) - көрсетілген айналым балансы шоттарының, бөлімшелерінің, бөлімдерінің кредит айналымдарының сомасы;
Редакция документа
Демо – версия документа