(ҚОЛДАНЫСТАҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Почта туралы Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 8 ақпандағы N 386-II Заңы
Осы редакция 10.07.03 ж. N 483-II ҚР Заңымен енгізілетін өзгерістеріне дейін қолданады
Осы Заң почта қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, почта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, почта байланысы саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретiн белгілейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонементтік жәшiк - почта жөнелтiмдерiнiң жекелеген түрлерiн алу үшiн, почта операторының өндiрiстiк объектiлерiнде орнатылатын, адресаттар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пайдаланатын құлыпталмалы арнайы жәшiк;
2) абоненттiк почта жәшiгi - адресаттардың почта жөнелтiмдерiн алуы үшiн тұрғын үйлерде, сондай-ақ ауылдық жерлердегi жеткiзу учаскесінде орнатылатын, жәшiктерi бар құлыпталмалы арнайы шкаф;
3) адресат - өзiне почта жөнелтiмi немесе почталық ақша аударымы арналған, почта операторының қызмет көрсетуiн пайдаланушы;
4) почта жөнелтiмiн табыс ету - почта жөнелтiмiн адресаттың жеке өзiне немесе оның заңды өкiлiне, немесе сенiмхат негiзiнде iс-қимыл жасаушы сенiм көрсетiлген адамына беру;
5) почта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерi - айналымға уәкілеттi орган енгiзетiн, почта операторының қызмет көрсетуiне ақы төленгенiн растайтын почта маркалары, блоктар, маркалы конверттер, почта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерi және өзге де белгiлер;
6) почта жөнелтiмiн жеткiзу - почта жөнелтiмiн баратын жерiндегi өндiрiс объектiлерiнен абонементтiк жәшiкке немесе абоненттiк почта жәшiгіне, немесе жөнелтушi көрсеткен өзге де мекенжай бойынша апару;
7) атаулы зат - құжаттар мен почта жөнелтiмдерiне почта операторының, оның өндiрiстiк объектiсiнiң атауларын, сондай-ақ почта операторы белгiлеген өзге де ақпаратты көрсете отырып, бедер түсiруге арналған аспап;
8) халықаралық почта жөнелтiмi - Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге жiберу үшiн қабылданатын не Қазақстан Республикасына келiп түсетiн, не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бiр шет мемлекеттен екiншiсiне транзитпен өтетiн жай немесе тiркелетiн почта жөнелтiмi;
Редакция документа
Демо – версия документа