(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 11 АҚПАНДАҒЫ № 148 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң каражаты есебiнен шетелдiк
iссапарларға валюталық каражаттың жұмсалуын ретке келтiру жөнiндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 11 ақпандағы N 148 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.05.03 ж. N 456
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 23 қаңтардағы N 72 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен шетелдiк iссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 19.05.03 ж. N 456 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Мынадай болып белгiленсiн:
1) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi, сондай-ақ олармен бiрге жүретiн адамдар (Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң жұбайлары), Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметінің қызметкерлерi (түзетiлетiн тұлғамен бiрге жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдiк валютадағы көлiктiк шығыстары 1-сынып бойынша авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi;
Редакция документа
Демо – версия документа