Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЕРЕЖЕ (ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 30.01.03 Ж. № 106...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2003 жылғы 30 қаңтардағы

N 106 қаулысымен бекiтiлген

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 желтоқсандағы N 1265 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесi (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығының, "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының талаптарына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының аса жеңiл авиация саласында сертификаттау жүргiзудiң құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгiлейдi.

Осы Ереже метеорологиялық мақсатта қолданылатын шар-ұшқыштарға, сондай-ақ басқарылмайтын ұшқышсыз аэростаттарға қатысты қолданылмайды.

2. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:

1) аса жеңiл авиация қауымдастығы және (немесе) федерациясы Қазақстан Республикасының аса жеңiл авиация субъектiлерiнiң қызметін үйлестiру үшiн заңды тұлғаларды бiрiктiру жолымен құрылған коммерциялық емес ұйымдар;

2) өтiнiм - өтiнiш берушiнiң сертификаттық зерттеудiң рәсiмдерiн өту үшiн уәкілеттi органға жазбаша өтiнiшi;

3) өтiнiш берушi - аса жеңiл авиация саласында сертификаттау жүргiзу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiрген жеке немесе заңды тұлға;

4) сертификаттық талаптар - азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленген талаптар.

3. Сертификаттық тексерiстiң тәртiбi мен үлгi бағдарламасын, сондай-ақ өтiнiш берушi ұсынатын құжаттар тiзбесiн уәкілеттi орган бекiтедi.

4. Өтінiш беруші ұсынатын құжаттардың көшiрмелерін нотариус куәландырған болуы тиiс.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку