(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 19.08.02 Ж. № 923 ҚАУЛЫСЫ
"Отель Астана" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк
қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбiр
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 19 тамыздағы N 923 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 25 желтоқсандағы N 1366 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау және қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында "Отель Астана" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Отель Астана" ААҚ) төмен төлем қабiлеттiлiгiн назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - "Қазақстанның Даму Банкi" ЖАҚ) (келiсiм бойынша) және "Отель Астана" AAҚ-пен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, келiсiмге (бұдан әрi - келiсiм) қол қоюды қамтамасыз етсiн, онда мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бағытталатын қаражатты "Отель Астана" ААҚ-тың қайтару тәртiбiн, оның iшiнде:
2005 жылдан бастап 2022 жылды қоса алғанда негiзгi борыштың және сыйақының қайтарылуын;
Редакция документа
Демо – версия документа