(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 10.01.02 Ж. № 20 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттігінің
"Қазақстанның денсаулық сақтауы" журналының Баспа үйі" республикалық
мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 10 қаңтардағы N 20 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1117 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазақстанның денсаулық сақтауы" журналының Баспа үйi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Қазақстанның денсаулық сақтауы" журналының Баспа үйi" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiткен кезде қызметiнің негiзгi мәнi:
баспа қызметiмен айналысу, Қазақстан ғалым медиктерiнiң озық ғылыми және практикалық тәжiрибесiн, теориялық табыстары мен жетiстiктерiн насихаттау және көпшiлiкке тарату, нормативтiк құжаттарды жариялау;
жарнамалық қызметтердi көрсету деп белгiлесiн;
2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шараларды орындағаннан кейiн, жарғылық капиталдың 25 пайызы мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатуды жүзеге асырсын;
4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа