(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж.
16 қарашадағы N 1465 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 10.01.02 ж. N 20; 10.01.02 ж. N 21; 28.03.02 ж. N
366; 07.05.02 ж. N 500; 22.05.02 ж. N 553; 17.07.02 ж. N 795;
02.10.02 ж. N 1081; 03.02.03 ж. N 123; 14.03.03 ж. N 249; 20.05.03 ж. N 463;
19.06.03 ж. N 577; 29.09.03 ж. N 989 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 07.11.03 ж. енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру туралы" 2001 жылғы 17 қазандағы N 705 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 03.02.03 ж. N 123; 19.06.03 ж. N 577 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiне оның төрт, соның ішінде бір бірінші вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң штат санының лимитi 109 бiрлiк мөлшерiнде белгiленсiн.
4. 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мына ведомстволары: Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi мен Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi құрылсын.
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ведомстволары туралы ережелердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн;
2) ережелер бекiтiлгеннен кейiн әдiлет органдарында ведомстволардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа