Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің

"Орталық жүзу бассейні" республикалық мемлекеттік қазыналық

кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі N 1253 қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Орталық жүзу бассейнiнiң қаржылық және материалдық-техникалық базасын нығайту, спортшыларды даярлау тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгінің "Орталық жүзу бассейнi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталында мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен "Орталық жүзу бассейнi" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, халықаралық жарыстар мен ел чемпионаттарын өткiзуге қатысу, елдiң ұлттық командаларын және спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындау қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгілей отырып, Қоғамның Жарғысын бекiтсiн ;

2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiне Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену мен пайдалану құқығын берсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтілсiн.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

 Қазақстан Республикасы
 Премьер-Министрінің
 бірінші орынбасары
 Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2001 жылғы 26 қыркүйектегі
 N 1253 қаулысымен
 бекітілген
 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн
 өзгерiстер мен толықтырулар

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку