(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасының есірткі құралдары мен психотроптық
заттарды қажетсiнуiнiң нормалары туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 қыркүйек N 1162
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 18 қыркүйектегі N 947 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 5-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және "Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының есiрткi құралдарын қажетсiнуiнiң 2002 жылға арналған нормалары (қажетсiнудiң жылдық есептеулерi);
2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының психотроптық заттарды қажетсiнуiнiң 2002 жылға арналған нормалары (жылдық қажетсiнудi бағалау) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитетi 2001 жылғы 15 қарашаға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасын есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен қамтамасыз етудiң 2002 жылға арналған нормативтерiн бекiту үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды қажетсiнуiнiң 2002 жылға арнап бекiтiлген нормаларын БҰҰ-ның Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетiнiң Штаб-пәтерiне (Вена, Австрия Республикасы) жiберсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 7 қыркүйектегі
Редакция документа
Демо – версия документа