Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы

заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін бекіту

туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы

4 қыркүйек N 1140



Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 8 қаңтардағы N 18 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 86-бабына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшері бекітілсін.

2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеуден алынған қаражат белгіленген тәртіппен бюджеттің кіріс жіктемесінің тиісті кодына аударуға жатады.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "Қазақ ССР-дегі аңшылық шаруашылығы туралы ережені бекіту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советінің 1978 жылғы 8 қыркүйектегі N 353 қаулысына (Қазақ ССР ҚЖ, 1978 ж., N 19, 70-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақ ССР-дегі аңшылық шаруашылығы туралы ережеде:

38-тармақ алынып тасталсын;

2) "Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 26 наурыздағы N 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 13, 210-құжат):

2-тармақта "қосымшаға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетілген қаулыға қосымша алынып тасталсын;

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануы тиіс.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку