(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Медетші қор" шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын
қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 23 тамыздағы N 1101 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Медетші қор" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Медетші қор" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қоғамның жарғысын бекіткен кезде қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік медетші банкіне республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан берілген несиелерді қайтару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру болып анықталсын;
3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқығы берілсін;
4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
Редакция документа
Демо – версия документа