(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi
бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001
жылғы 16 тамыздағы N 1074 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 06.08.03 ж. N 785 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымы туралы" 2000 жылғы 6 шiлдедегi N 417 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 наурыздағы N 368 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 жыл, N 15, 142-бап) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 16 тамыздағы
N 1074 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) қорғаныс саласындағы мемлекеттiк саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы арқылы (бұдан әрi - Бас штаб) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Бас штаб Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн (бұдан әрi - Қарулы Күштер) жедел-стратегиялық басқаруды жүзеге асыратын Министрлiктiң құрылымындағы әскери басқару органы болып табылады.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк-құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Редакция документа
Демо – версия документа