(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы
Алматы мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 9 тамыздағы N 1043 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.09.03 ж. N 979
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен, оны "Абай атындағы Алматы университеті" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 26.09.03 ж. N 979 қаулысымен 4)-тармақша алып тасталды
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қоғам жарғысын бекіту кезінде қызметінің негізгі мәні:
экономика және әлеуметтік ғылымдар саласында жоғары білікті мамандар даярлау және қайта даярлау;
экономика және әлеуметтік ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу деп белгілесін;
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Редакция документа
Демо – версия документа