(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 21.07.01 Ж. № 985 ҚАУЛЫСЫ
Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық
маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi және
облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар
қала) әкiмi орынбасарларының шектi саны туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 21 шілдедегі N 985 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 05.03.02 ж. N 275; 13.12.02 ж. N 1311
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР 31.01.03 ж. N 115 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi белгiленсiн және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi орынбасарларының шектi саны анықталсын.
2. 2-қосымшаға сәйкес аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi белгiленсiн және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi орынбасарларының шектi саны анықталсын.
3. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерiне республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi санының қолданылып жүрген нормативтерiн басшылыққа ала отырып, әкiмияттардың қызметкерлерi санының нормативтерiн әзiрлеу ұсынылсын.
4. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 21 шілдедегі
N 985 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 05.03.02 ж. N 275; 13.12.02 ж. N 1311 қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдерінің
аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық
Демо – версия документа