БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту
туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 ж. 20 сәуірдегі N 115 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 18.01.02 ж. N 24 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 25.07.03 ж. N 256 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған редакция
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесi бекiтiлсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 қаулысының;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа