(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ.И.Сәтбаев
атындағы Геологиялық ғылымдар институты" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы
N 615 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ғылыми ұйымдарды басқаруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының Алтай бөлімі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа