(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ
мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы" республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 сәуірдегі N 559 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысын орындау үшін және "Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оны жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен "Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қоғам жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні сәулет және құрылыс саласында халыққа білім беру қызметтерін көрсету деп белгілесін;
Редакция документа
Демо – версия документа