(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
"Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорнының жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 2 наурыздағы N 323 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Спорттық резерв пен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарамағына берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiн жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
Демо – версия документа