(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Кедейлiкті азайту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия
құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001
жылғы 28 ақпан N 305
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 19 мамырдағы N 459 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 маусымдағы N 833 қаулысымен бекiтiлген Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаның iске асырылуы барысын талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайтудың 2003 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын дайындауды үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.11. N 1618 қаулысымен.
Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен.
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Кедейлiкті азайту мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
Ескерту. Тақырып, 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен.
2. Қоса берiлiп отырған Кедейлiкті азайту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 28 ақпандағы
N 305 қаулысына қосымша
Кедейлiкті азайту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық
комиссия құрамы
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.11. N 1618 қаулысымен.
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен.
Павлов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Александр Сергеевич орынбасары - Қаржы министрі, төраға
Есенбаев - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы Экономика және сауда министрi,
төрағаның орынбасары
Редакция документа
Демо – версия документа