(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Кейбiр ұйымдарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң
қарамағына беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы 2001 жылғы 5 ақпан N 186
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi - Кәсiпорындар) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағына берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң органы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне "Республикалық инновациялық қор" жабық акционерлiк қоғамының және "Биопрепарат", "Биомедпрепарат" ашық акционерлiк қоғамдарының мемлекеттік акциялар пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын берсiн.
4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi "Медицинада, ауыл шаруашылығында және өнеркәсiпте биотехнология және гендiк инженерияның әдiстерiн пайдалану" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының әкiмшiсi болып белгiленсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа