(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005
жылдарға арналған басым іс-шараларының жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2
ақпан N 176
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы N 261 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым іс-шараларының жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының басшылары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3-күнінен кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары И.Н. Тасмағамбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 2 ақпандағы
N 176 қаулысымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа