Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2001 Ж. 23 ҚАҢТАРДАҒЫ № 149-ІІ ЗАҢЫ

Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының

2001 ж. 23 қаңтардағы N 149-ІІ Заңы



Осы редакция 2004 ж. 27 қаңтардағы N 524-II ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтiк-экономикалық құбылыс;

2) жұмыссыздар - жұмысы, табысы (кiрiсi) жоқ, лайықты жұмыс iздеп жүрген және оған кiрiсiп кетуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы азаматтар;

3) бос орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (қызмет);

4) ұзаққа созылған жұмыссыздық - 12 және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;

5) жұмыспен қамтылу - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына , заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне қайшы келмейтiн жеке қажеттерiн қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кiрiс әкелетiн қызметi;

6) табысы аз адамдар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы адамдар;

7) қоғамдық жұмыстар - атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлықтан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi органдардың жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi;

8) жұмыспен нәтижелi қамтылу - тұрақты экономикалық өсу мен әлеуметтiк нәтиженi қамтамасыз ететiн жұмыспен қамтылу;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку