(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
"Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің
жаңа үлгілерін енгізу туралы" Бұйрық Ішкі істер министрлігі
2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 Бұйрығы
Осы редакция 2004 ж. 8 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы" 1992 жылғы 23 қарашадағы N 967 және "Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Мемлекеттік автомобильдік инспекциясының арнайы баспа өнімдерін әзірлеуі туралы" 1994 жылғы 17 шілдедегі N 651 қаулыларын орындау үшін және көлік құралдарын басқару құқығын беретін куәліктер мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді әзірлеу, беру және есепке алу процесін автоматтандыру, сондай-ақ оларды қолдан жасаудан сақтауды күшейту мақсатында
Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқару құқығын беретін куәліктер (жүргізуші куәліктері) мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілері (NN 1, 2 қосымшалар) қолданысқа енгізілсін.
2. Жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді әзірлеуде қолданылатын Қазақстан Республикасы облыстарының әріптік кодтарының тізбесі (N 3 қосымша).
3. Жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің жаңа үлгілерін қолданысқа енгізу және оларды берудің тәртібі туралы тұрғындарды, сондай-ақ мүдделі министрліктерді, ведомстволарды, кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды кеңінен хабарландыру қамтамасыз етілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа