(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 13.12.00 Ж. № 113-ІІ ҚР ЗАҢЫ
Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы
Қазақстан Республикасының 2000 ж. 13 желтоқсандағы N 113-ІІ
Заңы
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарының және Жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1. Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiнде бағып-күтiлуiне, тәрбиеленуiне, жалпы және кәсiптiк бiлiм берумен қамтамасыз етiлуiне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2. Осы Заңмен реттелмеген қатынастарға өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң нормалары қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары және Жасөспiрiмдер үйлерi туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарында және Жасөспiрiмдер үйлерiнде тәрбиеленушi-балалардың бағып-күтiлуiн, тәрбиеленуiн, жалпы және кәсiптiк бiлiм берумен қамтамасыз етiлуiн реттейтiн заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Демо – версия документа