(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы өнімнің сәйкестігін бақылау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы
N 1787 қаулысы (ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. N 407; 08.08.02 ж. N 888
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 28.07.03 ж. N 751 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiн қысқарту, халықаралық стандарттардың талаптарына сай және тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыратын сапалы және бәсекеге қабiлеттi отандық өнiм әзiрлеу мен өндiруге жағдай жасау, өнiмдi сертификаттаудан өндiрiстер мен сапа жүйелерiн сертификаттауға көшу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң Кеден комитетi импортталатын тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде бекiтiлген Тiзбенi басшылыққа алсын.
ҚР Үкіметінің 08.08.02 ж. N 888 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң нормативтiк құжаттарын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
4. "Стандарттардың немесе олардың адамдардың өмiрi, денсаулығы, азаматтардың мүлкi және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн өзге де нормативтiк құжаттардың мiндетті талаптарына сәйкестiгiне мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдердiң (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 1112 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 32, 295-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы жарияланғаннан кейін бiр ай өткен соң күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Редакция документа
Демо – версия документа