(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына
үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы
ереже мен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия
туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 470 Жарлығы
Осы редакция 2004 ж. 14 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шетелде кадрлар даярлауды одан әрi жетiлдiру және оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ереже;
2) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 515-құжат):
1-тармақта:
бiрiншi абзацта "250 халықаралық стипендиясы" деген сөздер "халықаралық стипендиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацта "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Үкiметi" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта "Бiлiм министрлiгіне" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың күшi жойылды деп танылсын;
2) "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысын орындау iсiндегi елеулi кемшiлiктер туралы" 1997 жылғы 3 наурыздағы N 3375 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 68-құжат):
7-тармақта:
Аталған Жарлықпен бекiтілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамына:
Әбiқаев Нұртай - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Әбiқайұлы iстер бiрiншi вице-министрi;
Аханов Серiк - Қазақстан Республикасының Экономика
Ахметжанұлы бiріншi вице-министрi;
Редакция документа
Демо – версия документа